Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асылтұқымды болмай шыққан": Ақтөбеде спорт мектебінің мердігері бес жылқының құнын қайтармақ

Опубликовано:

Жылқы
Жылқылар. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде тендерде ұтқан кәсіпкер ат спорты мектебі сатып алған бес жылқының құнын қайтаратын болды. Себебі "асылтұқымды" деп алынған жылқылар мініс аттары болып шыққан, деп хабарлайды КТК.

Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, аудиторлар спорт мектебіндегі былықты бір жыл бойы тексерген. Олар тендер арқылы сатып алынған тұлпарлардың түрі сұраныстағы сипатқа сәйкес келмейтініне таңғалған.

Жылқылардың асыл тұқымды екенін дәлелдейтін құжат та болмаған. Бірақ ат спорты мектебінің басшылары тұқымына қарамай, "мініске жараса болды" деген ниетпен "ақшасын аудардық" деп ақталған.

Ең қызығы, жылқыны алыстан емес, осы мектеп есепшісінің анасынан сатып алған. Онымен қоймай, бірнеше жыл бойы төрт түліктің жем-шөбіне деген бюджет ақшасын бухгалтер өз анасына ұтқызып беріп отырған. Қазір ат спортының басшысы да, есепшісі де жұмысынан кеткен.

Көкпаршыларға бюджет қаржысына сатып алынған бес жылқының құнын кәсіпкер сот шешімімен өзі қайтарып беруге тиіс.

"Сотта жауапкер жеткізген бес бас көкпар спорт жылқыларының техникалық ерекшелігі шартқа сәйкес келмейтіні анықталды. Жауапкер сотқа осы жылқылардың асыл тұқымға жататынын дәлелдейтін құжттарды, яғни асыл тұқымды деген куәлікті ұсынған жоқ", - дейді Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметінің бас маманы Жансая Таирова.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124747-asyltuqymdy-bolmai-shyqqan-aqtobede-sport-mektebining-merdigeri-bes-zhylqynyng-qunyn-qaitarmaq/