jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

Елімізде көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Автокөлік. Көрнекі сурет
Автокөлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қазақстанда автомобильдердің алдыңғы терезесін қараңғылауға салынған тыйымды алып тастау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

“Көліктің алдыңғы терезесін қараңғылау мәселесі бірінші күн көтеріліп тұрған жоқ. Қазір ІІМ алдыңғы әйнектерді қараңғылауға тыйым салу тарихын зерттеп жатыр. Бұл мәселені депутаттар да көтерді. Кеден одағының регламенті бар, онда алдыңғы әйнектер қаншалықты қараңғыланған болуы керек екені көрсетілген. Жол қозғалысы бұзылған кезде жүргізушілерді, жолаушыларды сәйкестендіруде қиындық туғандықтан алдыңғы терезені қараңғылауға тыйым салынған еді", - деді ІІМ басшысының орынбасары.

Марат Қожаев қазір қараңғылауға тыйым салудың қаншалықты орынды болғаны талқыланып жатқанын айтты.

“Құқықбұзушылықтарды тіркеудің жаңа техникалық құралдары пайда болып жатыр. Сондықтан біз бұл мүмкін бе, әлде жол қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтіре ме, соны зерттеп жатырмыз", - деді Қожаев.

Елімізде көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.