jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтарға бірқатар шектеу енгізіледі

"Бәйтерек" монументі
Астанадағы "Бәйтерек" монументі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекеттік күзет қызметі 3-4 шілдеде елордада өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтарға үндеу жолдады,деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, 28 маусымнан қаланың кейбір көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі" - делінген мемлекеттік күзеттің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ 2-4 шілдеде "Есіл", "Нұра" және "Алматы" аудандарында осындай шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады.

ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтарға бірқатар шектеу енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.