jitsu gif branding logo appbranding logo app

Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды

А. Вакар
А.Вакар. Фото: nu.edu.kz

Nazarbayev University жаңа президенті тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Университет ақпаратына сүйенсек, 2024 жылдың 28 маусымында NU Қамқоршылық кеңесінің шешімімен президент қызметіне Ұлыбританияның азаматы А.Вакар таңдалған.

А. Вакар Брэдфорд университетінде PhD докторы дәрежесін алған.

Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.

2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания премьер-министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарған.

2017 жылдан бастап Абу Даби университетінің ректоры болды. Ол басшылық еткен жылдары Абу Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.

Сонымен қатар ол – беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.

Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.