Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы Жазы" науқаны аясында қоқыс алаңдары зарарсыздандырылады

Опубликовано:

Мамандар қоқыс алаңдарын зарарсыздандырып жатыр
Алматыдағы қоқыс алаңдарын зарарсыздандыру жұмысы. Фото: Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда "Алматы Жазы" науқаны аясында қоқыс алаңдарын тазалау, жуу және зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Алматыда күн сайын қала аумағынан 1300 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару Алматы, Алатау ауданы, Алғабас шағын ауданы 7-көше, 134/12 учаскеде орналасқан "GreenReсycle" ЖШС қоқыс шығару кешенінде іске асырылады. 

Мамандар қоқыс алаңдарын зарарсыздандырып жатыр
Алматыдағы қоқыс алаңдарын зарарсыздандыру жұмысы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны басқару департаментінің бас маманы Әлинұр Бәкенов қалада бекітілген кестеге сәйкес жуумен және зарарсыздандырумен 171 арнайы техника айналысып жатқанын атап өтті.

"Алматы қаласында қоқыс шығаратын ұйымдар жеке сектордағы қатты тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ шығарудың бекітілген кестесіне сәйкес, аптасына бір рет шығарады. Көпқабатты үйлердегі қоқыс контейнерлері күн сайын, ал проблемалық аумақтарда күніне екі, кей жерде үш рет шығарылады", - деді Әлинұр Бәкенов.

Зарарсыздандыру және жуумен қоса, жұмысшылар сынған контейнерлерді жөндеп, қоқыс алаңдарын ретке келтіреді.

Мамандар қоқыс алаңдарын зарарсыздандырып жатыр
Алматыдағы қоқыс алаңдарын зарарсыздандыру жұмысы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы Жазы" науқаны басталғалы қоқыс шығару ұйымдары 300 контейнер мен 60 контейнерлік орынды жуу, зарарсыздандыру және декатизациялау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ 150 контейнер жөнделіп, боялды.

Қазір қала аумағында ҚТҚ жинау мен шығару жұмыстары толықтай жолға қойылған. Қалдық шығару қызметін 21 қоқыс шығару ұйымы ұсынады.

Қоқыс контейнерлері
Қоқыс контейнерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы Жазы" іс-шарасы аясында 1 454 контейнерлік алаң санитарлық өңдеуден өтеді, 700 контейнер жуылып, зарарсыздандырылады, сондай-ақ 24 747 көше мен ауладағы қоқыс жәшіктерін тазалау көзделген.

Маман қоқыс алаңдарын зарарсыздандырып жатыр
Алматыдағы қоқыс алаңдарын зарарсыздандыру жұмысы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, "Алматы Жазы" акциясы "Таза Қазақстан" жалпы республикалық науқанын іске асыру аясында басталды және осы жылдың 6 шілдесіне дейін созылатын "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жалғасы болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127027-almaty-zhazy-nauqany-aiasynda-qoqys-alangdary-zararsyzdandyrylady/