Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киевте қастандық жасалған журналист Айдос Садықов ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Айдос Садықов
Айдос Садықов. Видеодан кадр: youtube.com/boysunmagan

Киевте қастандық жасалған қазақстандық журналист Айдос Садықов бүгін түнде ауруханада қайтыс болды. Қаралы хабарды оның жары Наталья Садықова жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Наталья Садықова жарынан айырылып қалғанын Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.

Садықов қастандық жасалғаннан кейін 13 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Алайда бүгін Киев уақытымен сағат 3:00-де өмірден өткен.

Наталья Садықова күйеуі өмірін Қазақстан үшін жан пида еткенін жазған.

Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған шабуыл

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық БАҚ 18 маусымда Киевте тұратын қазақстандық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреу атып кеткенін жазған еді.

Бас прокуратура Садықовтың "ауруханада жатқанын, жағдайы ауыр екенін" хабарлады.

Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, жәбірленуші мен оның жұбайы 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесін алған.

19 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандыққа пікір білдіріп, Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін жеткізді.

Кейін Ішкі істер министрлігі журналиске қастандық жасады деген күдіктілерге қатысты ақпарат берді.

Сонымен қатар президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған шабуылды тергеу барысын жіті бақылап отырғанын хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау дерегі бойынша Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады.

22 маусымда Бас прокуратура журналист Садықовқа қастандық жасаған күдіктілердің бірі ұсталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127258-kievte-qastandyq-zhasalgan-zhurnalist-aidos-sadyqov-auruhanada-koz-zhumdy/