jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада ШЫҰ саммиті кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар қалай жұмыс істейді

Елорда
Астана. Көрнекі фото: Рixabay.com

Астанада ШЫҰ саммиті кезінде яғни, 3-4 шілдеде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметі мәліметінше, қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды.

Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілген.

"Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Ақорда хабарлауынша, саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

Астанада ШЫҰ саммиті кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.