jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Алматы жазы" науқаны аясында арық желілері тазартылып жатыр

"Алматы Жазы" акциясы
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда "Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық акциясы аясында өтетін және жазда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жалғасы болып табылатын "Алматы жазы" акциясы жалғасуда.

Науқан барысында 26 маусым мен 6 шілде аралығында ұзындығы 1525 км арық желілерін тазарту жұмыстары күшейтілді.

"Алматы Тазалық" МКК-мен бірге арықтарды тазартуға 6 мердігер ұйым жұмылдырылды. Жұмысқа күнделікті 54 бірлік арнайы техника мен 720 жұмысшы шығады. Күн сайын мердігер ұйымдар арық желілерінен 250 м3 балшық және т.б. қоқыстар шығарады.

Жауын-шашын кезінде арық желілері арқылы судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету және су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен, багралармен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады.

"Алматы Жазы" акциясы
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін қиратқаны, қала мен елді мекендердің жасылжелектерін жойғаны және бүлдіргені үшін" Алматы қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алайда коммуналдық қызмет жұмысшыларының сөзінше, айыппұлдарға қарамастан, қалалық арық желілері күн сайын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтармен бітеледі.

"Алматы жазы" акциясы биыл 6 шілдеге дейін жалғасады. Басты мақсат – ел арасында жоғары азаматтық жауапкершілікті, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.

"Алматы жазы" науқаны аясында арық желілері тазартылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.