Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай ойнап, құйын жел соғады және қатты ыстық болады: сәрсенбіге арналған ауа райы

Опубликовано:

Найзағай жарқылы
Найзағай жарқылы: freepik.com

Ертең, 3 шілдеде, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына, қатты ыстыққа және жоғары өрт қаупіне байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астанада 3 шілдеде оқтын-оқтын найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында батыстан 15-20 м/с дейінгі жел соғады, ал Алакөл ауданында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың шығысында және оңтүстігінде – найзағай, шығысы мен оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с дейін, ал екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Өңірдің солтүстік-батысы мен орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде және шығысында бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай соғады, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде түман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыста 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен және шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Қостанай облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127825-naizagai-oinap-quiyn-zhel-sogady-zhane-qatty-ystyq-bolady-sarsenbide-aua-raiy-qandai-bolady/