Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мерекелік отшашу болды (фото)

Опубликовано:

Отшашу
Отшашу. Фото: t.me/astana_newss

Елордадағы Ботаникалық бақтағы отшашуды 10 мыңнан астам адам тамашалады. 5 минут ішінде аспанға 10 мың отшашу шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

"10 мыңнан астам адам отшашуды көруге келді. 5 минут ішінде аспанға биіктігі 60-тан 250 метрге дейін 10 мың отшашу шығарылды. Ұзындығы 500 метрді құрады", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында "Open Air" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128608-astanada-merekelik-otshashu-boldy-foto/