Top.Mail.Ru

Зектілері

Елорда күніне орай өткен дрондар шоуы: жиналған жұрт пен кептеліс видеоға түсірілді

Жарияланған күні:

Дрондар шоуын көруге жиналған жұрт
Дрондар шоуын көруге жиналған жұрт. Видео кадры: instagram/astanovka98

Кеше, 6 шілдеде Астанадағы дрондар шоуына 100 мыңнан аса адам жиналды. Мерекелік іс-шара аяқталғаннан кейін адамдар жиналып қалғаны және ұзын-сонар кептеліс пайда болғаны түсірілген видеолар жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарық шоуы аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде қала көшелерінде түсірілген кадрлар жариялана бастады, онда көлік кептелістері мен көптеген адам көрінеді.

Мысалы Instagram-дағы Astanovka98 аккаунты куәгердің әуеден түсірген видеосын жариялады. Бейнежазбада автомобильдер сигналы естіледі, ал кадрларда тротуарлар мен жолдарда автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің ұзын тізбегі көрінеді.

Сондай-ақ парақшада кептеліс кезінде екі адам арасында туындаған қақтығыстың видеосы да жарияланды. Куәгерлер оларды сабырға шақыруға

"Қазір ЭКСПО аймағында жағдай барынша ушығып тұр", - деп жазылған бейнежазба сипаттамасында.

Telegram-дағы "Астана - Что? Где? Когда?" арнасында жол бойымен келе жатқан көптеген адам түсірілген видеоны жариялады. "Бұл рекорд", - делінген жазбаның сипаттамасында.

Бұл видеоларға қатысты жазылған пікірлерде қолданушылар кептелістен әрең шыққанын айтқан.

Еске салайық, кеше дрондар шоуына 100 мыңнан аса адам куә болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130282-elorda-kunine-orai-otken-drondar-shouy-zhinalgan-zhurt-pen-keptelis-videoga-tusirildi/