Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада LRT құрылысына байланысты тамыздың аяғына дейін бір көшеде қозғалыс шектеледі

Опубликовано:

Астанадағы LRT бағандары
Астанадағы LRT бағандары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада LRT құрылысына байланысты тамыздың аяғына дейін бір көшеде қозғалыс шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша магистральдардың жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде LRT жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесі бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі", - делінген хабарда.

Әкімдік мәліметінше, 8 шілдеден 31 тамызға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде ростверктерді, тіректер мен ригельдерді орнату бойынша жұмыстарды орындау үшін, қозғалыс жолында ішінара шектеу болады. Осыған байланысты Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылу съезі жабылады.

"Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130309-astanada-lrt-qurylysyna-bailanysty-tamyzdyng-aiagyna-deiin-bir-koshede-qozgalys-shekteledi/