jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Бұлақ көрсең, көзін аш": 6 шілде күні Ақтөбеде "Taza Qala" акциясы өтті

Ақтөбе қаласының әкімдігі
"Taza qala" акциясы: "Taza qala" акциясы

6 шілде күні Астана күні мерекесіне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық шарасы аясында "Taza Qala" акциясы өтті.

Қала жастарын табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке орталық қызметкерлері, белсенді жастар, "Таза жағалау" және "ECO Мәдениет" эковолонтерлық тобының мүшелері қатысып, Ислам бұлағының аумағын қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлесін қосты.

"Taza qala" акциясы
"Taza qala" акциясы. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Экологиялық акцияға қатысушылар орталық тарапынан санитарлық құрал – жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш) және қапшықтар, арнайы қолғаптар мен экологиялық акцияға арналған жейделермен қамтамасыз етіліп, олардың тасымалы үшін автобус көлігі шығарылды.

"Taza qala" акциясы.
"Taza qala" акциясы. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Орталық тарапынан қала көшелері мен жағалауларды тазалау жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Ақтөбе қаласының әкімдігі
"Taza qala" акциясы. Фото: "Taza qala" акциясы

"Таза Қазақстан" акциясы жай ғана сенбілік немесе қатардағы акция емес! Бұл біздің ұстаным! Еліне, болашағына, ұрпағына алаңдайтын әр азаматтың, позициясы! Елдің тазалығы, жүрегіміздің тазалығының көрсеткіші!

"Бұлақ көрсең, көзін аш": 6 шілде күні Ақтөбеде "Taza Qala" акциясы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.