Ақтөбеде балаларға бұрыш баллонын шашқан күдікті қамауға алынды
Жарияланған күні:
Ақтөбеде балалардың бетіне бұрыш баллонын шашқан күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жөнінде полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кәмелетке толмаған баланың ұсталғаны туралы ақпарат Ақтөбе облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
"Балаларға қарсы газ құтысын қолдану фактісі бойынша ұсталған кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде балаларға бұрыш баллонын шашқан жасөспірімді полиция өкілдері іздеп жатқанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130684-aqtobede-balalarga-burysh-ballonyn-shashqan-kudikti-qamauga-alyndy/