jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі қашан ашылады

Тоннель
Тоннель. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі салынып жатыр. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін үкімет отырысында биыл автожол саласында бірнеше маңызды жобаны аяқтау көзделгені мәлім болды.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәлімдеуінше, Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі (840 м) шілдеде пайдалануға беріледі. Тоннелдің ашылуы қыс мезгілінде жүргізушілерге кедергісіз жүруге мүмкіндік бермек.

Екінші жоба – Алматы агломерациясы үшін транзиттік маңызы зор, ұзындығы 6 кмболатын Шамалған стансасындағы автомобиль жол айрығы қыркүйек айында іске қосылады.

Үшіншісі – еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" дәлізімен байланыстыратын 262 км болатын "Мерке – Бурылбайтал" автожолы пайдалануға беріледі.

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан 1,3 мың метрлік көпірдің құрылысын да осы жылы аяқтау жоспарланған. Жаз мезгілінде паром арқылы, қыс мезгілінде мұздың үстімен жүретін тұрғындар үшін көпірдің ашылуы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді.

"Ол Шығыс Қазақстан облысындағы 4 ауданды бір-бірімен байланыстырады. Бұл тарихи жоба 60 жылдан бері талқыланып келе жатқан еді. Ал қазір жоба мемлекет басшысының тиісті шешімінің арқасында іске асырылып, жыл соңына дейін халық иелігіне тапсырылатын болады", - деді М. Қарабаев.

Бұған қоса министр Батыс Қазақстанның шалғайындағы Бөкей Ордасы туристік аймағын дамыту мақсатында ұзындығы 245 км болатын "Казталовка – Жәнібек" және "Өнеге – Бисен – Сайқын" автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары да осы жылдың соңына дейін толықтай аяқталатынын атап өтті.

Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі қашан ашылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.