jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Тараз қаласы Талас өзенінің бойында тазалық жұмыстары өтті

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция басталған болатын.

Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгін "Таза Қазақстан" акция аясында Талас өзенінің аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тазалық жұмыстарына осы аумақтың тұрғындары, белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып, өзен айналасындағы қоқыстардан тазартып, шығарылды.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында қаланың жастары мен осы аумақтың тұрғындары жұдырықша жұмылып, тазалау жұмыстарын жүргізіп, Талас өзеннің айналасын күл-қоқыстан арылтты.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Бүгін міне Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды акция өтуде. Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз", - деді жастар белсендісі Е.Мелдебек.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Тараз қаласы Талас өзенінің бойында тазалық жұмыстары өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.