37 градус ыстық және жаңбыр: бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкентте 11 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,0 м/с болады.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 37 градусқа дейін жетіп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,8 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132130-bugin-elimizding-megapolisterinde-37-gradusqa-deiin-ystyq-bolady-zhane-zhangbyr-zhauady-dep-bolzhandy/