Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор экс-министр Бекетаевқа қатысты тергеуді аяқтады

Жарияланған күні:

Марат Бекетаев
Марат Бекетаев. Фото: ortcom.kz

Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әділет экс-министріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Ол жеке компанияның басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деп күдікке ілінді", - делінген Антикор таратқан ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.

Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы министр Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

2023 жылғы 29 желтоқсанда Бекетаевтың қамау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылғанын жазған едік.

Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133246-antikor-eks-ministr-beketaevqa-qatysty-tergeudi-aiaqtady/