jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы Қараөткел көпірі бір айға жабылады

Қараөткел көпірі
Қараөткел көпірі. Фото: wikipedia.org

Астана қаласында Қараөткел көпірі бір айға жабылады. Бұл туралы елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қараөткел көпірінің Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді әкімдіктен.

Астанадағы Қараөткел көпірі бір айға жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.