Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз зорлағаны үшін сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы апелляциялық шағым түсірді

Жарияланған күні:

Марат Күштібаев
Марат Күштібаев. Фото: gov.kz

Бұған дейін сот қыз зорлағаны үшін кінәлі деп таныған Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Жетісу облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Іс Жетісу облыстық сотының апелляциялық алқасына келіп түсті", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін ол екі айға қамауға алынған. Сонымен бірге Күштібаев туралы бұған дейін де шыққан дауларды жинап шыққан едік.

5 наурызда қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Ол кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында болды. Осы жағдайға байланысты сот отырысы кейінге қалған еді.

Сәуірде Күштібаев ісі бойынша сот үкімі шықты. Сот үкімімен Марат Күштібаев Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135682-qyz-zorlagany-ushin-sottalgan-taldyqorgannyng-buryngy-politsiia-bastygy-apelliatsiialyq-shagym-tusirdi/