jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда тағы бір маңызды құжат электрондық форматқа ауыстырылады

Құжатқа қол қойып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс аясында баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Министрлік мәліметінше, ата-аналар бұл құжатты баласы бірінші сыныпқа барған кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, бұл жыл сайын 380 мыңнан астам баланы құрайды.

"Баланың денсаулық паспорты денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және кішкентай пациенттерді емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат болып табылады", - делінген хабарда.

Министрлік бұл құжатты қағаз жүзінде жүргізу көбінесе оның жоғалуына немесе өзекті деректерді жоғалтып алуға, емханаларда ұзақ күтуге әкелгенін хабарлады. Осы проблемаларды шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа ауыстыруға кіріскен.

EGov Mobile-мен электрондық паспортты интеграциялау процесі 2024 жылғы тамызда аяқталады деп жоспарланған.

Қазақстанда тағы бір маңызды құжат электрондық форматқа ауыстырылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.