Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында өткінші жаңбыр жауады деп болжанды
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкентте 20 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,5 м/с.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болады. Күндіз термометр бағаны 36 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,1 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137146-bugin-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-otkinshi-zhangbyr-zhauady-dep-bolzhandy/