jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның ірі қалаларында жексенбіде күн ашық болады

Ауа райы
Ауа райы. Көрнек сурет: Getty Images

Қазақстанның екі мегаполисінде бүгін, 21 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал елордада аздаған жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.

Бүгін, 21 шілдеде Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтерілсе, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4 м/с.

Астанада аздаған жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз ауа 24 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,6 м/с.

Бүгін Шымкентте де күн ашық болады. Күндіз термометр 37 градусқа дейін көтерілсе, түнде 23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,7 м/с.

Қазақстанның ірі қалаларында жексенбіде күн ашық болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.