jitsu gif

Бірнеше ЖОО қабылдау комиссияларында жалған ҰБТ сертификаттары анықталды

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сертификаттарын жалған жасау әрекеттерін анықтап, бұл үшін құқықбұзушы жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында ҰБТ сертификаттарын қолдан жасау әрекеттері туралы хабарлады.

"ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген хабарламада.

Мысалы, мына сертификатта QR-код ашылмайды, сондай-ақ сандар әр түрлі шрифтпен, әр түрлі көлемде жазылған.

Жалған сертификат. Фото
Жалған сертификат. Фото: t.me/uto92

Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.