jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

Министр Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасы бойынша бакалавр үшін де грант бөлінуі мүмкін екенін айтты

Оксфордский университет
Иллюстративное фото: depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасы аясында қазақстандық жастарға енді бакалавр бойынша да білім алу мүмкіндігі тууы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министрліктің журналистермен өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген министр "Болашақ" бағдарламасы бойынша бакалавр деңгейінде 11-сынып бітірген оқушылар үздік шетелдік университеттерден білім ала бастайтынын айтты.

"Болашаққа" қатысты сүйінші жаңалық. Халықаралық олимпиадалардан жүлделі орын алғандарды "Болашақпен" шетелге білім алуға жібермекпіз. Республикалық комиссия құрылады. Еліміздегі "Білім-инновация", Назарбаев мектептерінің оқушыларын шетелдік оқу орындары алып кетіп жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сондықтан осындай шешім қабылдап отырмыз. Парламент сесиясы жұмысын бастағаннан кейін біз бакалвр бойынша студенттерді дайындауға қатысты ұсынысты енгіземіз. Биылдан бастап заң қабылданады", - деді министр.

Ведомство басшысы "Болашақтың" бюджеті өзгермейтінін, ғылыми тағылымдама саны азайтылып, бакалаврға оқушылар жіберілетінін атап өтті.

Министр Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасы бойынша бакалавр үшін де грант бөлінуі мүмкін екенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.