jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Оны бірден шешу мүмкін емес": министр жатақхана тапшылығы мәселесі туралы айтты

Жатақхана
Жатақхана. Фото: "Қаржы орталығы" АҚ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана және Алматы қалаларында жатақхана тапшылығы әлі де бар екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министр журналистермен өткен баспасөз мәслихатында жатақхана тапшылығы еліміздің екі ірі мегаполисі – Астана және Алматы қалаларында әлі де сақталып отырғанын айтты. Сөзінше, оны бірден шешу мүмкін емес.

"Ең үлкен тапшылық – Астана және Алматы қаласында. Ол тапшылық әлі де бар. Оны бірден шешу мүмкін емес. Сондықтан біз қазір жеке меншік секторлармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жатақхана салуға субсидия жасап жатырмыз. Біздің былтыр шеше алмағанымыз – реконструкция, хостелдерді, қонақ үйлерді жатақхана нормасына сай етіп, бейімдеу. Ең тиімді жол – осы. Өйткені қала орталығынан жатақхана салатын жер таппаймыз. Былтыр бюджеттен ақша таба алмаған едік. Биыл таптық", - деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, былтыр 32 мыңға жуық студент жатақханадан орын таппаған еді.

"Оны бірден шешу мүмкін емес": министр жатақхана тапшылығы мәселесі туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.