"Аты-жөнін анық айта алмады": Қарағандыда орман алқабынан жеті жасар қыз табылды
Жарияланған күні:
Қарағандыдағы орман алқабынан жалғыз жүрген 7 жасар қыз табылды. Осыған дейін қыздың әке-шешесін ата-ана құқығынан айыру мәселесі де қаралғаны мәлім болды, деп хабарлайды "31 арна" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Қарағандыдағы орман алқабынан үсті-басы кір-қожалақ, аш бала табылған. Қыз жалғыз өзі бірнеше шақырымды, атап айтқанда Федоровка ауданынан Михайловкаға дейінгі аралықты жүріп өткен. Қамқор адамдар оны тауып алып, полиция шақырған.
"Қыз атын айтқанда түсінбедік, ол 7 жаста екенін біледі, бірақ ол өз есімін анық айта алмады. Тілінде кемістік бар, ойын білдіргенде түсініксіз сөйлейді. Айтқан сөзі анық емес", - деді "Қорғау-Астана" дағдарыс орталығының жетекшісі Даяна Қазиева.
Полицейлер қызды "Шанс"орталығына жеткізді. Қызметкерлердің айтуынша, бүлдіршіннің дамуында ақау бар.
Қызметкерлер 7 жасар қыз иттермен серуендеуге шығып, орман алқабында адасып кеткенін айтты. Мамандардың сөзінше, бүлдіршін ішімдік ішкен ата-анасына ренжіген. Сондай-ақ ол зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін деген болжам айтылды, өйткені ол мазасыз, агрессивті және адамдарға сенбейтін мінез танытқан.
Дағдарыс орталығының қызметкерлері қамқоршылық бөліміне хабар беріп, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберді. Полицияның мәліметінше, қыздың ата-анасы былтырдан бері тіркеуде тұрған. Желтоқсанда балалардың құқығын қорғау комиссиясы оларды ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарастырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139984-aty-zhonin-anyq-aita-almady-qaragandyda-orman-alqabynan-zheti-zhasar-qyz-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.