jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

50 мың тонна астық жинау жоспары бар: Түркістан облысында егін орағы басталды

астық жинау науқаны
Астық жинау науқаны. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Төлеби ауданында егін орағы басталып кетті. Биыл бұл өңірде 50 мың тонна астық жиналады деп күтілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Turkistan.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төлеби ауданында егін орағы басталды. Биыл ауданда 22 мыңнан астам гектар аумаққа астық дақылдары егілді.

Телеарнаның айтуынша, қазіргі таңда оның 2 мың гектар жері орылып, 5 мың тоннаға жуық өнім жиналды.

Жалпы осы жылы 50 мың тонна астық жиналады деп жоспарлануда. Яғни 15 гектарға бидай егіліп, 34 мың тонна өнім жинау жоспарлануда.

Сондай-ақ 7240 гектар аумаққа арпа дәні себіліп, қазіргі кезде 5 тоннаға жуық өнім жиналған. Жалпы арпадан биыл 15 200  тонна өнім күтілуде.

Аудан шаруалары мақсары егуден облыста үздік атанғанын ескерсек, одан 14 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. Бұған қоса, 15 800 тонна жеміс-жидек, 960 тонна жүзім жинау да жоспарланып отыр. 

50 мың тонна астық жинау жоспары бар: Түркістан облысында егін орағы басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.