jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте әкімдікке арызданып барған бір топ кәсіпкердің әрекетіне жергілікті билік өкілдері баға берді

Бір топ кәсіпкер
Әкімдік ғимаратына барған кәсіпкерлер. Фото: KAZ.NUR.KZ

Әкімдік ғимаратына арызданып барған бір топ кәсіпкердің жұмысы заңсыз. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік өкілдерінің Ontustiktv.kz телеарнасына берген мәліметінше, құм, шағал тас саудалайтындар қала сыртына алты ай бұрын көшуі қажет болған. Алайда күнде жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіндіру жұмысы жүргізілсе де көшкісі келмейтін кәсіпкер көп дейді олар.

"Шымкент қаласының көше, жол желісіне беріп жатқан кері әсері – ол шамадан тыс жүк артқан көліктер. Қаланың жол желісіне түсетін жүктеме қазір өте жоғары. Ұлттық сапа орталығының маманы айтқан сөздеріне сүйенсек, құм, шағыл тастардың, инерттік материалдардың тығыздығына байланысты өте ауыр материал болып есептеледі", - дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаев.

Еске сала кетейік, 22 шілдеде Шымкентте құм мен шағыл тас сататын 50-ден астам азамат қала әкімдігінің алдына жиналған болатын. Ғабит Сыздықбековпен кездесуге келген жұрт "жергілікті билік жеп отырған нанымыздан айырмаса екен" деген еді.

Жиналғандардың айтуынша, олар қаладан 10 шақырым жердегі базарға көшу туралы әкімдік талабымен келіспейді. Олар күн ара айыппұл салуды әдетке айналдырған жауаптылар енді тұрған тауардың тас-талқанын шығаруға көшкенін айтқан.

Шымкентте әкімдікке арызданып барған бір топ кәсіпкердің әрекетіне жергілікті билік өкілдері баға берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.