jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Алты айда төрт тіл меңгерген": бірнеше тілде еркін сөйлейтін 17 жастағы шымкенттік полиглот туралы не білесіз

Эмир Кәрім
Полиглот оқушы Эмир Кәрім. Видеодан скриншот: otyrar.kz

Шымкенттік полиглот 7 тілде еркін сөйлейді. Эмир Кәрім орыс-ағылшын тілдері оқытылатын мектепте оқыды, ал басқа тілдерді қарым-қатынас барысында меңгерген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

17 жастағы Шымкент тұрғыны жеті тілде еркін сөйлей алады. Эмир Кәрім бұл әлі шегі емес екенін және жақын арада өз рекордын жаңартатынын айтады. Эмир 6 жасқа дейін тек қазақша сөйлеген. Мектепте орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Бүгінде полиглот испан, корей, француз және латын тілдерінде сөйлей алады. Ол бұл тілдерді жарты жылдың ішінде игерген.

"Бірінші сыныпта жүргенде-ақ ата-анам тілдердің мен үшін оңай екенін түсінді. Сөйтіп мен көптеген тілді үйрене бастадым. Испан тілін 5-6 айда, француз тілін 7 айда үйрендім және Испанияға сапарымның алдында қалған тілдерді де меңгердім. Оларды зерттеуге көбірек уақыт қажет болды", - дейді полиглот Эмир Кәрім.

Ол оқуда ғана емес, спортта да дарынды: Эмир 10 жасынан бастап футбол ойнайды. Тіпті шетелде, Испанияда жүргенде ол "Торревьеха" футбол клубында жаттыққан.

Қазір Эмир "Ордабасы" жастар академиясының негізгі ойыншысы. Ол тіл білудің әкелетін басты пайдасы – саяхаттағы шектеулерді алып тастау дейді.

"Испанияда біз чемпион атандық. Одан кейін былтыр шымкенттік "Ордабасы" командасымен "Арман кубогын" жеңіп алдық. Қазір жаңа Ордабасы лигасымен жаңа жобамен екінші орындамыз, алдымызда "Қайрат". Біз чемпиондық атаққа үміттенеміз. Осы жылы командамен Түркияға барғанымда шет тілін білуім тағы да көмектесті", - дейді Эмир.

Бірнеше тілді қатар меңгерген Эмир университетте менеджмент саласы бойынша оқуды жалғастырады.

Дарынды жігіт көп балалы отбасында тәрбиеленген. Оның қарындастары да тіл үйренуге тырысып жүр, олар қазірдің өзінде үш-төрт тілде сөйлейді.

"Алты айда төрт тіл меңгерген": бірнеше тілде еркін сөйлейтін 17 жастағы шымкенттік полиглот туралы не білесіз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.