jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Арыс қаласында қоқыс контейнерлерін шашқан мал иесіне айыппұл салынды

Айыппұл салынған мал иесі мен полицей
Айыппұл салынған мал иесі мен полицей. Фото: otyrar.kz

Арыста төрт түлікке ие болмаған иелеріне айыппұл салынып жатыр. Қараусы қалған үй жануарлары қоқысты шашып, тұрғындарға қолайсыздық тудырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап, сілтеме жасап хабарлайды.

Арыс қаласындағы Ардагер көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй ауласында қараусыз жайылып жүрген төрт-түлік мал туралы хабарлама түскен болатын. Үй жануарлары үй ауласына отырғызылған жасыл желекті жеп, қоқыс контейнерлерін шашып тастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл алғаш рет емес.

Оқиға орнына дереу жеткен жергілікті полиция бөлімі қызметкерлері қараусыз мал иесін сырғасы арқылы анықтады. Жасыл желекті бүлдірген мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Қала әкімдігі және аудандық полиция бөлімі жасыл желекті қорғау мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар өтіп тұратындығын, құқықбұзушылық анықталған жағдайда қатаң шаралар қолданатын ескертеді.

Арыс қаласында қоқыс контейнерлерін шашқан мал иесіне айыппұл салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.