jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Татарcтанда Алтын Орда дәуірінде жерленген хандардың зираты табылды (видео)

Археологтар қазаба жұмысын жүргізген зират орны
Татарстандағы Алтын Орда дәуіріне жататын хандар зираты. Видеодан кадр: 24.kz

Татарcтандық археологтар Алтын Орда дәуірінде жерленген хандардың зиратын тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Телеарна мәліметінше, Астрахан облысындағы төрт ірі кесенеде Берке, Өзбек, Жәнібек және Бердібек хандар жерленген.

Археологтардың айтуына қарағанда тарихи құндылығы бойынша бұл нысанды Луксордағы патшалар қорымымен, Қытайдағы Цинь Шихуанди қабірімен салыстыруға болады.

Кешен "Ақ Сарай қалашығы" деп аталатын ортағасырлық қонысы бар қираған ғимараттардың қалдықтарынан тұрады.

Ғалымдар бұл қорымға мұражай мәртебесін беруді ұсынып отыр.

Айта кетерлігі, Татарстан археологтары Хазар қағанаты дәуірінен бастап Алтын Ордаға дейінгі елді мекендерге 20 жылға жуық уақыт бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Татарcтанда Алтын Орда дәуірінде жерленген хандардың зираты табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.