jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Көлік министрі елдегі үш әуежайдың басшыларына ескерту жасады

Әуежайдағы күту залы
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

Азаматтарды қабылдау барысында көлік министрі Марат Қарабаев жолаушылардан түскен шағымнан кейін Ақтау, Астана және Ақтөбе әуежайларын ретке келтіруді тапсырды. Бұл туралы Көлік министрлігінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қабылдауға келген азаматтар әуежайлар мен теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ күре жолдарда атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты мәселені көтерген.

Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны еліміздегі теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассалардың болмауы мәселесін көтеріп, шағымданды. Жалпы бүгін ел аумағында 300-ден астам теміржол вокзалы жұмыс істейді. Олардың бірнешеуі ғана арнайы кассалармен жабдықталған.

Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің қызметкерлеріне барлық вокзалдарды тексеріп шығу және теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассаларды орнату мәселесін қолға алуды тапсырды. Бірінші кезеңде мамандар ірі теміржол вокзалдарын, содан кейін шағын станцияларды тексеріп шығады. Вокзалдарды тексеру жұмыстары басталды.

Сонымен қатар Марат Қарабаев жолаушылардың шағымдарынан кейін Ақтау, Астана және Ақтөбе қалаларының әуежайларын ретке келтіруді тапсырды.

"Бірінші кезекте бұл әуежайларда тазалық пен тәртіп орнату қажет. Әуежайлардың басшылығына ескерту", - деді Марат Қарабаев.

Көлік министрі елдегі үш әуежайдың басшыларына ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.