jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Каспийдегі шаяндардың қырылуына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді

Шаян
Шаян. Көрнекі фото: pixabay.com

Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында шаяндардың жаппай қырылып жатқанын хабарлады. Блогер өлекселердің видеосын көрсетті. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жайтқа байланысты түсініктеме берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер Instagram-дағы парақшасында шаяндардың қырылғаны туралы ақпарат пайда болды. Блогердің болжамы бойынша шаяндардың жаппай қырылуына балықшылар кінәлі.

Азамат Сәрсенбаевтың сөзінше, балықшылар 300-400 килограмм шаян, балық аулайтынын, соның жартысын ғана сатып, қалғанын теңізге қйты лақтыратынын айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында бұл жайтқа байланысты түсініктеме берді.

"Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе)қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғанын мәлімдейміз.

Осыған орай шұғыл түрде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен бірге шаяндардың болжамды қырылу орнына барды", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, ауа райына байланысты (дауыл, лай су) шаяндардың қырылған жерін көзбен анықтау мүмкін емес.

Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алған.

"Мониторинг жалғасып жатыр, ақпарат дауыл аяқталғаннан кейін қосымша тексеріледі", - дейді мамандар.

Каспийдегі шаяндардың қырылуына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.