jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Павлодар тұрғыны отбасымен жанжалдасып, басқа елге кетіп қалған

Түнде жолаушылар жолында отырған ер адам
Түнде көшеде отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының тұрғыны туыстарымен жанжалдасып, олармен байланысын тоқтатқан. 48 жастағы ер адам 10 күннен кейін көрші елден табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 шілдеде әйел адам полицияға хабарласып, 48 жастағы ұлының екі күн бұрын үйден кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

Өз күшімен іздестіру нәтиже бермеген соң шарасыз әйел тәртіп сақшыларынан көмек сұрады.

Жоғалған ер адамды іздеуге полиция қызметкерлері мен арнайы күштер жұмылдырылды. Ол байланысуы мүмкін адамдар мен баруы мүмкін жерлері пысықталды. Іздеу шараларына еріктілер тартылды.

"31 шілдеде полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған азаматты көршілес елдегі Барнаул қаласынан тапты, ол туыстарымен жанжалдасып, үйден кетіп қалған. 10 күн бойы оларға хабарласпаған", - деп түсіндірді ПД криминалдық полиция басқармасы іздестіру бөлімінің басшысы Қуандық Қасымов.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 24 адамды тауып, үйлеріне қайтарған.

"Жоғалған туысын іздестіру үшін құқық қорғау органдарына уақытылы жүгіну және нақты сипаттамасын беру – адамның табылуына септігін тигізеді. Полицияның адам жоғалғаны туралы ертерек білгені жақсы", - деп түйіндеді полиция департаментінің өкілі. .

Павлодар тұрғыны отбасымен жанжалдасып, басқа елге кетіп қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.