Сауда орталығындағы жанжал: боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты іс тоқтатылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанадағы сауда орталығында Қырғызстан азаматымен жанжалдасып, халықаралық іздеу жарияланған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Оған қатысты (Бейбіт Шүменов – ред. ескерт.) Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 12-тармағы, Қылмыстық-процестік кодексінің 68-бабының 1-бөлігі негізіндегі қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің өкілі NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.
Ведомство өкілдернің сөзінше, Шүменов қазіргі уақытта халықаралық іздеуде емес.
Бейбіт Шүменовтің ісі
18 маусымда Астанадағы сауда орталығында бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.
Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынды.
Одан бөлек ІІМ Астананың сауда орталығында болған Бейбіт Шүменовтің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын жазған едік.
Сондай-ақ Астана ПД Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143653-sauda-ortalygyndagy-zhanzhal-boksshy-beibit-shumenovke-qatysty-is-toqtatyldy/