jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Мемлекетаралық іздеу жарияланды": полиция Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысты пікір білдірді

Бейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов. Фото: instagram.com/beibutshumenov

Астана қаласының полиция департаменті боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты істің кейбір дерегін жария етті. Ведомство боксшыға мемлекетаралық іздеу жарияланғанын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"18 маусымда Mega Silkway сауда орталығында болған оқиғадан кейін Астана полиция департаменті Бейбіт Шүменовке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге бұл азамат қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес ресми түрде мемлекетаралық іздеуге жарияланды", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, осыған дейін боксшы Бейбіт Шүменов 2 күннен бері іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Астанададағы сауда орталығында бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.

Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынған еді.

Одан бөлек, ІІМ Астананың сауда орталығында болған Бейбіт Шүменовтің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын жазған едік.

"Мемлекетаралық іздеу жарияланды": полиция Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.