Алматыда жол қозғалысына ішінара шектеу қойылады: полиция тұрғындарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Алматыда 3 тамызда жол қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, ертең, 3 тамызда қалада халықаралық іс-шараның өтуіне байланысты жол қозғалысына ішінара шектеу қойылған.
Кейбір аймақтарда қозғалысты реттеуі мүмкін.
"Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларды түсініп, кептеліске жол бермеу үшін өз бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады", - делінген хабарда.
Сонымен бірге Алматыда Жандосов көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәселен, 3 тамызда сағат 23:00-ден 5 тамызда сағат 11:00-ге дейін Тимирязев көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Айналма жол шығыс бағытта Сәтбаев және Розыбакиев көшелерімен қамтамасыз етіледі. Батыс бағытта Тимирязев және Байзақов көшелерімен болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143813-almatyda-zhol-qozgalysyna-ishinara-shekteu-qoiylady-politsiia-turgyndarga-undeu-zhasady/