jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматыдағы ірі көпірдің бірі мен көше уақытша жабылады

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жөндеуге жұмыстарына байланысты Рысқұлов-Бөкейханов жолайрығындағы көпір уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, 4 тамыз сағат 23:00-ден 6 тамыз сағат 11:00-ге дейін оңтүстік және солтүстік бағыттағы көпірде қозғалыс толығымен жабылады, сондай-ақ Бөкейханов көшесі бойындағы жолайрығының көпірге кірме жолында көлік қозғалысы шектеледі.

Бұдан бөлек, 5 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Дунаевский мен Левитан көшелерінің арасындағы тұйық көшеде автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. 

Екі бағытта да көліктерге жүруге тыйым салынады. 

"Уақытша шектеулер 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көшенің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек",- деп атап өтті "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау мекемесін және басқа да 15 нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде тұтынушылар ыстық су бұрынғысынша үздіксіз беріледі.

Алматыдағы ірі көпірдің бірі мен көше уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.