jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген құс фототұзаққа түсіп қалды

Қара ләйлек
Қара ләйлек. Видеодан скриншот: instagram.com/sairam_ugam

Түркістан облысында орналасқан "Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің аумағында қара ләйлек фототұзаққа түсті. Бұл құс Қызыл кітапқа енген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Түркістан облысындағы "Сайрам-Өгем" ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген қара ләйлек фототұзаққа түсті.
  • Парк қызметкерлері фототұзаққа түскен басқа да жануарлардың, соның ішінде қонжықтар мен қабандардың бейнелерін жариялады.
  • Айнұр Дилдабаева атап өткендей, ұлттық парк аумағында 28 қара ләйлек тіркелген, ал бұл түр Қазақстанның бірнеше қорғалатын аумақтарында кездеседі.

Телеарна хабарлағандай, "Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің қызметкерлері қорықтағы фототұзаққа түскен кадрларды жариялады. Видеода ағашқа өрмелеп, өзара алысып ойнаған қонжықтар, азық іздеп, үйірімен жүрген қабандар көрінеді. Ең сүйінші жаңалық – фототұзақта Қызыл кітапқа енгізілген қара ләйлек кадрға ілініпті.

"Бұл кадрлар 2024 жылғы шілдеде түсірілген. Ұлттық парк аумағында санақ бойынша 28 қара ләйлек тіркелген", - деді "Сайрам-Өгем" МҰТП-нің Жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің биологі Айнұр Дилдабаева.

"Қазақстанда қара ләйлек Баянауыл, Тарбағатай, Көлсай көлдері, Қарқаралы, Іле Алатауы, Катонқарағай, Жоңғар Алатауы, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде және Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл мемлекеттік ұлттық табиғи қорықтарында кездеседі. Бұл аумақтар осы сирек кездесетін түр үшін тұрақты орта құруда шешуші рөл атқарады", - делінген ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

"Сайрам-Өгем" Түркістан облысында, Түркістан қаласынан 280 км, Шымкенттен 70 шақырым жерде орналасқан. Парк аумағына Түлкібас, Төлеби мен Қазығұрт аудандарының табиғаты әсем жерлері кіреді. Аумағы — 149 мың гектар. Құстардың 300-ге жуық, сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді.

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген құс фототұзаққа түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.