jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Ерболат Досаев Парижде көз жұмған Спорт басқармасы басшысының туыстарына көңіл айтты

Ерболат Досаев
Алматы әкімі Ерболат Досаев. Фото: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Алматы әкімі Ерболат Досаев Спорт басқармасы басшысы Ерден Хайруллиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
  • Досаев марқұмның отбасына қолдау білдіріп, "Ерден Рашидұлы керемет басшы, жақсы ұйымдастырушы әрі жоғары деңгейдегі кәсіби маман болды" деп атап өтті.
  • Ерден Хайруллин спорттың дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан.

Қала басшысы Ерден Хайруллиннің отбасына, туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, шын жүректен қайғырып, көңіл айтты.

"Ерден Рашидұлы ұзақ жыл бойы мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, керемет басшы, жақсы ұйымдастырушы әрі жоғары деңгейдегі кәсіби маман болды. Оны әріптестері қарапайымдылығы, іскерлік қасиеті және адамгершілігі үшін жоғары бағалады. Ол спорттың дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Біз үшін бұл орны толмас қаза, марқұмның жарқын бейнесі әрдайым жүрегімізде сақталады", - деді Ерболат Досаев.

Еске салсақ, Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде қайтыс болғанын хабарлаған едік. Оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған.

Ерболат Досаев Парижде көз жұмған Спорт басқармасы басшысының туыстарына көңіл айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.