jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Ерекше дата": Шымкентте 8 тамызда 60 жұп неке қиды

үйленген жұптар
8 тамызда үйленген шымкенттік жұптар. Фото: otyrar.kz

Шымкентте үйлену тойы күрт өсті, себебі тамыз – неке қию үшін танымал айлардың бірі. Осындай әдемі дата саналатын 8 тамызда жұптардың рекордтық саны үйленеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Шымкенттегі АХАТ бөлімінде 8 тамызда 60 жұп некелерін тіркеген.
  • Жыл басынан бері қалада 7525 жұп шаңырақ көтерген.
  • Неке қиюды тіркеу рәсімі жаңа салтанат залында өткен, ал өтінішті тіркеу күнінен 15 күн бұрын беруге болады.

"Биыл да солай қайталанды. Қалалық АХАТ бөліміндегі үйлену тойының көптігіне "сәтті күн" деп саналатын 8 тамыз себеп болды. Жыл басынан бері 7525 жұп шаңырақ көтерген. Сондай-ақ ерекше және мерекелік күндер де қала тұрғындары арасында да танымал. Биыл 8 тамызда біздің АХАТ бөлімінде 60 жұп некелерін тіркеді.

Жас жұбайлар бұл күнді ұнатқандары үшін таңдағандарын айтады. Дей тұра, неке қиюға шешім қабылдауларына, әрине, махаббат сезімі себепкер", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ Шымкенттегі филиалының PR менеджері Алтынай Татаева.

8 тамызда үйленген шымкенттік жұп
8 тамызда үйленген шымкенттік жұп. Фото: otyrar.kz

Бір айта кетерлігі, 8 тамызда неке қиюды тіркеу ағымдағы жылдың маусым айында ашылған жаңа салтанат залында өткен.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы Мемлекеттік корпорацияға 2023 жылдың 1 шілдесінде берілген болатын. Неке қиюды тіркеу туралы өтінішті тіркеу күнінен 15 күн бұрын АХАТ органдарына, сондай-ақ электронды үкімет порталы және екінші деңгейдегі банктердің қосымшасынан беруге болады.

8 тамызда үйленген шымкенттік жұп
8 тамызда үйленген шымкенттік жұп. Фото: otyrar.kz

Салтанатты рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сондай-ақ неке қиюды салтанатты түрде рәсімдеудің көшпелі қызметі де бар.

"Ерекше дата": Шымкентте 8 тамызда 60 жұп неке қиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.