jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Түркияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады: СІМ жолаушылардың жағдайы қандай айтты

Сыртқы істер министрлігінің ғимараты
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қандай екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Түркияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады, оқиғаға 4 қазақстандық қатысқан.
  • Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық жолаушылар аман-есен және медициналық көмек қажет етпейді.
  • Апатқа ұшыраған автобус Бодрум-Мугла тасжолында болған, оқиға нәтижесінде кем дегенде 13 адам жараланған.

"Түркияда шетелдік туристерді тасымалдаған шағын автобустың қатысуымен жол апаты болды. Жолаушылардың арасында 4 қазақстандық болды.

ҚР консулының ақпаратына сәйкес, отандастарымыз аман-есен, медициналық көмек қажет етпейді. Қазіргі уақытта олар өз қонақүйінде", - деп хабарлады Айбек Смадияров KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Еске сала кетсек, бұған дейін шетелдік БАҚ Түркиядағы Бодрум-Мугла тасжолында туристер мінген автобус апатқа ұшырағанын хабарлады.

Басылымдар автобуста Қазақстан мен Ресейден келген туристер болғанын және кем дегенде 13 адамның жараланғанын жазған болатын.

Түркияда қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады: СІМ жолаушылардың жағдайы қандай айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.