jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Демалыс күндері Алматыда екі көше жартылай жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда екі көшенің – Өтеген батыр мен Қаппаров учаскелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Жөндеу жұмыстары алдағы демалыс күндері жүргізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Алматыда Өтеген батыр мен Қаппаров көшелерінің кей аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты демалыс күндері жабылады.
  • Өтеген батыр көшесінде 9-11 тамыз аралығында, ал Қаппаров көшесінде 9-10 тамыз аралығында көлік қозғалысы шектеледі.
  • Әкімдік тұрғындардан жол жүру маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрап, жөндеу жұмыстары жүргізілетін жерлерде ескерту белгілері мен ақпараттық стендтер орнатылатынын хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуде.

Осылайша, 9 тамыз сағат 23.00-ден 11 тамыз 11.00-ге дейін Жұбанов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі.

Алаңды солтүстік бағытта Абай даңғылы, Алтынсарин даңғылы және Жұбанов көшелері бойымен, ал оңтүстік бағытта Жұбанова көшесі, Алтынсарин және Абай даңғылдарының бойымен айналып өтуге болады.

Сонымен қатар 9 тамыз сағат 23:00-ден 10 тамыз 6:00-ге дейін Жамақаева көшесінен Mediterra медициналық орталығына дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Мұнда шағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Әкімдік жөндеуден өтетін аумақтарда ескерту белгілері мен мердігер компания басшысының байланыс ақпараты бар стендтер ілінетінін айтты.

Қала әкімдігі тұрғындардан жол жүру маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Жабылатын көше. Фото
Жабылатын көше. Фото: Алматы әкімдігі

Қаппаров көшесі. Фото
Қаппаров көшесі. Фото: Алматы әкімдігі

Демалыс күндері Алматыда екі көше жартылай жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.