"Бас киімі бұтақ пен тастан": шымкенттік дизайнерлер қоқыстан нағыз өнер туындыларын жасайды
Жарияланған күні:
Upgrade шығармашылық тобы инсталляциялар, картиналар, тіпті мүсін жасау үшін бөтелкелерді, ескі киімдер мен макулатураны қолданып жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкенттік кәсіпкер Мария Брезинская өзінің шығармашылық жобаларымен жұртшылыққа шабыт сыйлап, таңғалдырып жүр. Жақында Шымкентте "Upgrade art" студиясы ашылды, онда суретшілер мен дизайнерлерден құралған шығармашылық топ эко-өнермен айналысады. Бұл өнер түрі шетелде қолөнерді бағалайтындар арасында кеңінен танымал.
Инсталляциялар қалдықсыз өндіріс принципі бойынша құрылған. Upgrade – өз жұмысымен таң қалдыратын жаңа экологиялық таза бренд.
Ескі компьютердің жүйелік тақтасынан зауыт бейнеленген. Картина ескі батареялардан, сағат механизмдері мен мата қалдықтарынан, қаңылтыр банкілердан және тағы басқа қалдықтардан жинақталған. Аделина Волкотюктың айтуынша, адамдар өздеріне қажетсіз заттарды немесе көшеде тауып алған заттарын әкеледі. Міне, осылайша олардан ерекше инсталляциялар жасалады.
"Мұның бәрі адамдар лақтырып жібергісі келген ескі заттар. Мұнда, мысалы, ескі банк карталары мен материалдардың бөліктері. Біз оларды лақтырмаймыз, керісінше пайдаланамыз. Мұнда жүйелік тақтадан шағын зауыт пен үйдің инсталляциясын жасаймыз. Оған терезе, қоршау қосу ғана қалды", - дейді Аделина Волкотюк.
Қоқыс жәшігіне кету керек болған қалдықтардың бәрі арнайы қоймада өңделіп, сақталады. Мария Брезинская бұл қоқыстан картиналар, инсталляциялар және басқа да қолөнер бұйымдарын жасайды, оларға тіпті шетелдіктер де қызығады дейді.
Мысалы, ерекше костюмді АҚШ-тағы сән апталығында ұсынған. Бас киімі бұтақтан, тастан жасалса, камзол мата қиқымдарынан жасалған. Тағы бір топтама Қытайға жөнелтілді.
Шығармашылық топ коллекциялар мен бұйымдарды сатудан түскен қаражатты қайырымдылық қорына көмек ретінде жіберіп отырамыз дейді.
Олар мұнымен тоқтап қалмай, сенбіліктерге жаппай шығып, қаланың тазалығын сақтауға атсалысып жүр. Жиналған қоқыстан жасалатын бұйымдарды ТМД елдері мен Еуропадан алушылар айлап кезекке тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146959-bas-kiimi-butaq-pen-tastan-shymkenttik-dizainerler-qoqystan-nagyz-oner-tuyndylaryn-zhasaidy/