jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шығады

    Мұратхан Тоқмәди
    Мұратхан Тоқмәди. фото: instagram.com/djamilyatokmadi

    Ержан Тәтішевті өлтірді деп сотталған Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысының соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қонаев қалалық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі шешімімен М.Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген сот хабарламасында.

    Еске салайық, 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындап, бұған Мұхтар Әблязов тапсырыс бергенін мәлімдеген болатын. Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргені үшін 4 миллион доллар ұсынғанын да айтты.

    2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.