Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байқоңырды дамытуға үлес қосқым келеді": 15 жастағы қазақстандық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті

Жарияланған күні:

Сымбат Барсағазы NASA-да
Сымбат Барсағазы NASA-да: Жеке мұрағатынан

15 жастағы алматылық Сымбат Барсағазы АҚШ-тың ғарышты зерттейтін NASA ұйымында тәжірибеден өтті. 10-сынып оқушысы екі апта ішінде ғарышкерлердің Марста өмір сүруін қадағалау бойынша жұмыс істеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • 15 жастағы алматылық Сымбат Барсағазы АҚШ-тың NASA ұйымында екі апталық тағылымдамадан өтіп, ғарышкерлердің Марста өмір сүруін қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеді.
  • Сымбат NASA-да инженерлерден тәлім алып, скафандр сынақтарына қатысып, биоинженерия саласына қызығушылық танытты.
  • Болашақта АҚШ-та білім алып, Қазақстанның аэроғарыш саласын, әсіресе Байқоңыр ғарыш айлағын дамытуға үлес қосқысы келетінін айтты.

Сымбат Барсағазы NASA-дағы тағылымдама кезінде сол жердегі тәжірибелі инженерлерден тәлім алған. Әрі Марсқа арналған жобалармен жұмыс істеп үйренген. Ол ғарышкерлердің оттегімен тыныстап, радиациядан қорғануына жауапты болыпты.

"Оқушылардың басты міндеті – Марсқа шынайы пилоттық миссия жобалау. Бізді 5 топқа бөлді, мен жасыл топтың мүшесі болдым. Біз астронавтардың Марста өмір сүруін қамтамасыз етуге жауапты болдық. Маған инженер Синда Чуленнің лекциясы қатты әсер етті. Ол скафандрлер бойынша сарапшы. Лекция барысында біз скафандрдің перчаткасын сынап көрдік. Лекция өте қызықты және интерактивті болды", - дейді ол.

Сымбат Барсағазы NASA-да
Сымбат Барсағазы тағылымдамада: Жеке мұрағатынан

Сымбат тағылымдама барысында NASA-ның ғарыштық зерттеулер жасайтын орталығына барған. Осындай тәжірибе арқылы ол болашақта немен айналысатынын анықтай түстім дейді. Оқушы қазір биоинженерия саласына қызығып жүр.

"Меніңше, биология мен физиканың үйлесімі адамдарға технологиялық дамудан қалыс қалмауға көмектеседі. Мен NASA-да 50 жылдан астам жұмыс істеген және Айға миссияға аттанатын астронавтарды дайындаған инженер және аэрокосмос ғылымдары бойынша сарапшы Том Санзонмен таныстым. Бұл танысу маған ірі ұйымдарда жұмыс істеу және инженерия туралы көп білім берді”, - дейді Сымбат.

Сымбат Барсағазы NASA-да
Сымбат Барсағазы NASA-да: Жеке мұрағатынан

15 жастағы оқушы болашақта Қазақстандағы аэрокосмос ғылымдарының дамуына үлес қосқысы келеді. Мектептен кейін Америкада білім алып, Байқоңырда инженерияны дамыту ойымда бар дейді.

"Мен АҚШ-та оқуды қалаймын, әсіресе Northwestern және Rice University университеттері. Қабылдау қиындықтарына қарамастан, осы елде оқу маған ең қолайлы деп ойлаймын. Әзірге мен өмірімдегі миссиямды анықтаған жоқпын, бірақ болашақта инженерия мен аэрокосмос ғылымдарының дамуына жұмыс істегім келеді. Әсіресе ғарыш айлағының отаны Байқоңырда. Болашақта жас мамандардың көмегімен біздің ел осы тарихи және технологиялық маңызы бар орынды өз бетінше пайдалана алады деп ойлаймын", - дейді оқушы.

Сымбат Барсағазы NASA-да
Сымбат Барсағазы NASA тағылымдамасында: Жеке мұрағатынан

Сымбат Барсағазы – Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы. Оның NASA-дағы тәжірибесі осы бағыттағы халықаралық мектепке эссе жазуынан басталды. Марста қолданғысы келетін технологиялар туралы баяндаған Сымбатты бір айдан кейін сұқбатқа шақырған. Ол бұл кезеңнен де сүрінбей өткен.

Бұл Сымбаттың NASA-мен байланысты алғашқы оқиғасы емес. Ол бұған дейін аэроғарыш агенттігі ұйымдастырған халықаралық байқауда жеңімпаз атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147023-baiqongyrdy-damytuga-ules-qosqym-keledi-15-zhastagy-qazaqstandyq-oqushy-nasa-da-tagylymdamadan-otti/