jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыдағы даңғылдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Алматы көшесі
Алматы көшесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы, жол жұмыстарына байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта Күдерин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған аймақтағы қозғалыс шығысқа қарай, қарама-қарсы қозғалыс жолағында ұйымдастырылды.

"Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді, сондай-ақ оларды алдын ала бағдарын реттеп, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады", - делінген Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда екі көшенің – Өтеген батыр мен Қаппаров учаскелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатынын хабарлаған едік.

Әкімдіктің хабарлауынша, Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуде.

Алматыдағы даңғылдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.