jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Балқаш тартылып жатыр": Су ресурстары министрлігі өкілдері желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Балқаш көлі. Фото
Балқаш көлі. Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша, Балқаш көлі тез тартылып барады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі бұл жағдайға байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне түсініктеме берді

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Әлеуметтік желілерде Балқаш көлінің тартылып бара жатқаны туралы алаңдаушылық туындаған, бірақ Су ресурстары министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
  • Министрліктің мәліметінше, көлдегі су деңгейі жыл басынан бері 159 сантиметрден 174 сантиметрге дейін көтерілген.
  • Трансшекаралық өзендерден келген су көлемінің артуы нәтижесінде Қапшағай су қоймасынан Балқашқа қосымша су жіберілген, сонымен қатар басқа да көлдер мен су қоймалары толтырылуда.

Блогер Юлия Ласеева Instagram-дағы желісінде Балқаш көлінде түсірілген кадрларды жариялады. Оның айтуынша, көл жылдам тартылып барады.

"Қазір Қазақстан мен Қытайдың суды ұтымсыз пайдалануы салдарынан көл тез таязданып барады", - деп жазады блогер.

KAZ.NUR.KZ тілшісі осы мәселе бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігіне хабарласты.

"Егер 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 159 сантиметрді құраса, қазір бұл көрсеткіш 174 сантиметрге жеткенін айта кетейік. Биыл трансшекаралық өзен арқылы үлкен көлемдегі су келіп түскен. Осының арқасында Қапшағай су қоймасынан 2 текше шақырымнан астам суды Балқаш көліне жіберуге мүмкіндік туды.

"Қазсушардың" Батыс Қазақстан филиалы Ресейден келетін 30 миллион текше метр тасқын суды облыстағы Қамысты-Самар көлдеріне жөнелтті. Соңғы 20 жылда бұл көлдерге бірде-бір су келмегенін ескереміз. Сонымен қатар, "Қазсушар" мамандары тасқын суды соңғы жылдары кеуіп кеткен Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су қоймаларына табиғи көлдерге бағыттамақ", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.