jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Таңертең жұмысыма асығып тұрамын": түркістандық тұрғын ерекше кәсібі туралы айтып берді (видео)

Нұрлан Бақбергенов
Түркістандық Нұрлан Бақбергенов. Видеодан скриншот: instagram.com/turkistantvkz

Түркістан әуежайына қонатын әрбір ұшақты тексеретін Нұрлан Бақбергенов күн сайын жұмысына асығатынын айтады. Себебі бұл жұмыс оның бала кезгі арманы екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ turkistantv.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсететін маман – Нұрлан Бақбергенов, бүгінде ол Түркістан халықаралық әуежайына келген әрбір ұшақты жіті тексереді, жүк тасымалын қадағалайды. Сондай-ақ ұшақ әуеге қайта көтерілуі үшін жанармайын есептеп, толықтырып отырады.

️Ерекше маман иесінің бұл салада жүргеніне 5 жылға жақындапты. Арнайы оқу орнын бітірген. Әуежайда жұмыс істеуді бала күнінен армандаған ол: "Күн сайын таңертең жұмысыма асығып тұрамын", - деп ағынан жарылды.

Түркістан қаласына жыл басынан бері 400 мыңға жуық турист келген. Оның басым көбі осы ұшақпен келіп қонған. Яғни киелі шаһарға келген әрбір туристің ең бірінші саяхаты әуежайдан басталады деуге болады.

"Таңертең жұмысыма асығып тұрамын": түркістандық тұрғын ерекше кәсібі туралы айтып берді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.